Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде алдағы референдумның маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдағы референдум – елдің саяси трансформациясының соңғы сатысы емес, бұл шын мәнінде оның бастамасы екенін атап өткім келеді. Жұмыс енді басталып жатыр, өйткені азаматтардың өмірі мен қажеттіліктері бізге жаңа міндеттер қояды. Біз саяси салада шок-терапия орынсыз екенін ескеруіміз керек. Күрделі геосаяси жағдайларда бұл жойқын салдарға, деградацияға және тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкелуі мүмкін. Ең бастысы - біздің қоғам алғашқы қадамдарды жасауға дайын. Реформа міндетті түрде жалғасады», деді Президент.