Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәліметінше, Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды.
Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты:
1.Аустралия - 1002,71 ұпай;
2. Франция - 885,6;
3.Испания - 884,62;
4.Чехия - 842,92;
5.Швейцария - 881,81;
6.Канада - 780,09;
7.АҚШ - 758,09;
8.Словакия - 744,23;
9.Қазақстан - 704,75;
10.Германия - 702,52.