• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2022

Қазақстан және Ресей өрт сөндірушілері бірлескен жаттығу өткізіп жатыр

370 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының Астрахань облысында трансшекаралық өрттерді сөндіруге байланысты Қазақстан-Ресей құтқарушыларының ауқымды оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Оған шекарадағы Атырау мен Астрахань облыстарының құтқарушылары тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткізіліп жатқан оқу-жаттығудың мақсаты – шекаралас аумаққа қауіп төндіретін ірі табиғи өрттерді жою кезіндегі өзара іс-қимылды жетілдіру.

«Екі елдің шекаралас өңірлеріндегі өрт сөндірушілер алдында Астрахань облысы Ахтубин ауданындағы шартты өртті сөндіру міндеті тұр. Өйткені табиғи дала өрті сол аудандағы Төменгі Басқұншақ елді мекенінің, сондай-ақ «Богдинско-Басқұншақ» мемлекеттік қорығы мен Қазақстан Республикасының аумағын қоса шарпыған. Өртте де кез келген табиғи апаттар секілді шекара жоқ. Сондықтан табиғи апаттарға қарсы тұру, уақытылы еңсеру үшін осындай бірлескен іс-қимылдарды пысықтаудың маңызы зор», деді Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Битаев.

Бірлескен оқу-жаттығуларға Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахань облысы бойынша бас басқармасы мен Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 154 адам мен 41 арнайы техника тартылған.