Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қоры шеңберіндегі ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.