Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Енді онлайн-микрокредит беру үшін микрокредит беруші мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке идентификаттау жүргізуге міндетті. Яғни, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, Ұлттық банкінің Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау және қарыз алушының дербес деректерін екі факторлық тексеру және бейнелеу арқылы.
Сонымен бірге биылғы қаңтардан бастап микроқаржы ұйымдары клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті», делінген хабарламада.