Ескерткіштің ашылу салтанаты 1 маусымда «Жетісу» саябағында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елордада балаларды қорғау күнінде «Менің атым Қожа» шығармасының басты кейіпкеріне арнап тұрғызылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.
1963 жылы «Қазақфильм» студиясы түсірген «Менің атым Қожа» туындысының бас кейіпкеріне арналған ескерткіш елорданың «Жетісу» саябағында орнатылды. Шара елдегі «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды.
Ескерткіштің жалпы биіктігі 1 метр 83 сантиметрді құрайды. Гранит және қола материалдардан жасалған. Мүсінші – Талапхан Азамат, ал идея авторы – Мұрат Қожамқұлов.