• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Маусым, 2022

Еліміздің кей өңірінде бұршақ жауады

374 рет
көрсетілді

Синоптиктер 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еліміздің батыс өңіріне, Солтүстік антициклон әліде өз әсерін тигізеді, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтары циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы болып, жауын-шашын, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, дауыл, бұршақ болып, жел күшейіп, таңертең және күндіз шығыста тұман түседі, орталықта топырақ бетінде үсік жүреді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғып, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында дауыл соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Түнде Ақмола облысында солтүстікте, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жел күші 15-20 м/ жетеді.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында  жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, күндіз Павлодар облысының батысында, шығысында, орталықта, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.