• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Маусым, 2022

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

332 рет
көрсетілді

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан шекара қызметі мәліметінше, атыс 3 маусымда сағат 12:00 шамасында Булак-Башы ауданында басталған.

«Аумақтан кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі ел жасақтары арасында атыс болып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды», деді Қырғыз Республикасының МҰҚК шекара қызметі өкілдері.

Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екені нақтыланды. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қырғыз-тәжік учаскесінде шекара бөлімшелері арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр, деді Қырғызстан шекара қызметі өкілдері.