• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Павлодарда 528 референдум учаскесі жұмысын бастады

463 рет
көрсетілді

Павлодар облысындағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады. Таңғы сағат 7.00-де өңірдегі 528 референдум учаскелерінің есігі ашылды. Жаңбыр жауып, ауа райының ыңғайсыздығына қарамастан кәрі-жас демей, өз таңдауын жасауға асығуда, деп жазады Egemen.kz.

Белгілі болғандай, павлодарлық 513 мыңға жуық тұрғын Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыреспубликалық референдумға қатыса алады.

Денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар сағат 12.00-ге дейін референдум комиссиясына хабарласып, дауысты үйден беруге ниетті екенін білдіруі керек. Сол өтініш негізінде комиссия мүшелері тұрғынның үйіне барады. 

Ауруханаларда, уақытша ұстау изоляторларында 21 уақытша дауыс беру орны жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Жалпы, учаскелердің барлығы қажетті құралдармен жабдықталған. Әрқайсысында мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. 

Бүгін қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды әрі инватакси қызмет көрсетеді.