• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Қарағанды облысында 880 мыңнан астам тұрғын таңдау жасайды

4191 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында сағат тілі таңғы 7.00-ді көрсеткенде, Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өткізу бойынша 777 учаскенің есігі айқара ашылды, деп жазады  Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық референдум комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов ұсынған мәлімет бойынша, өңірде аса маңызды саяси іс-шараға 880 мыңнан астам қатысушы тіркелген екен.

Референдумда өзінің таңдауын жасауға асыға жеткен азаматтардың алдыңғы легінде қашанда белсенділіктерімен көзге түсіп жүретін  зейнеткерлермен қатар жастардың да қатары мол болды.

Кеншілер мәдениет сарайында орналасқан Қарағанды қаласының №17 учаскесіне ерте келіп дауыс берген тұрғынның бірі зейнеткер Алтай Оралбаев болды. Қария саламатты өмір салтын өзіне серік еткен жанның бірі болып шықты. Күніге таңертең дене шынықтыру жаттығуларын жасап тұрады екен.

«Бүгін мен жұрттан бұрын келіп дауыс бердім. Барша тұрғындар үшін азаматтық ұстанымның маңызы өте зор деп санаймын. Еліміздің болашағы бізге байланысты», дейді зейнеткер.

Алтай Оразбаев дауыс берген №17 учаскеде референдумда өз таңдауын жасауға ниет білдірген тұрғындардың саны 2082 екен.

Облыстық референдум комиссиясы дауыс беру барысын партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары бақылайтынын атап өтті.