• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Елорда әкімі референдумда өз таңдауын жасады

4251 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында референдумға қатысып, дауыс бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін тарихи күн. Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс бердім. Осылайша азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуы үшін өз дауысымды бердім. Бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғыс білдіремін», деп жазды елорда әкімі.

Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр.