• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Мұрат Жұрынов: Референдум жастарға керек

283 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов сайлау учаскесіне дауыс беруге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Академик М. Жұрыновтың баяндауынша, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет референдум арқылы Конституцияға өзгерістер еніп, халықтың қалауына мүмкіндік беріліп отыр. Референдум нәтижесі бойынша қолданыстағы заңдар өзгеріп, 200-ден астам заң күші құжаттарға қол қойылады. Бұл өзгерістер Жаңа Қазақстанның негізін қалайды.    

«Бүгін мен сайлау учаскесіне еліміздің болашағы үшін дауыс беруге келдім. Біз сыбайлас жемқорлық пен жұмыссыздықпен күресуге, халқымыздың әл-ауқатын нығайтуға тиіспіз. Енді шегінерге жол жоқ. Халықтың көзі ашылды. Бұрынғы сүрлеуді қабылдамайтынын көріп отырмыз. Референдум жарқын болашаққа жаңа жол ашады. Әрбір қазақстандықтың бұл науқаннан шет қалмай, дауыс беруін қалаймын. Референдум нәтижесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолындағы мандат. Осыны түсінуіміз керек», деді Мұрат Жұрынов.

Академик  М.Жұрынов айтып өткендей, референдум, ең алдымен жастарға керек екенін айтты. Болашақ Қазақстанның архитектурасы референдум нәтижесіне қарап айқындалады. Дауыс беру әрбір жастың, әрбір қазақстандықтың қасиеті борышы. «Мен елдің болашағы үшін дауыс бердім» деп сөзін түйіндеді академик. 

Ғалым № 17 мектеп-интернатта орналасқан № 537 сайлау учаскесінде дауыс берді.