• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2022

Жамбыл облысының әкімі референдумға қатысып, дауыс берді

315 рет
көрсетілді

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов отбасымен бірге Тараз қаласындағы №53 мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып, жалпыхалықтық референдумға дауыс берді. Жалпы облыс бойынша барлығы 492 сайлау учаскесі құрылып, қазіргі кезде кестеге сәйкес жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

№50 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізімінде 2779 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 9 мүмкіндігі шектеулі азамат, 5 көзі нашар көретіндер, 3 есту қабілеті нашар және 1 тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар бар.

Референдум комиссиясының төрайымы Эльмира Қойлыбаеваның айтуынша, аталған азаматтарға дауыс беру үшін арнайы мүмкіндіктер қарастырылған.

«Қазіргі таңда 5 азамат үйден дауыс беруге өтініш берді. Соғыс ардагері Мүтәліп Ережепбаев пен 4 еңбек ардагері сайлаушылар тізіміне тіркелген. Сайлаушылар таңертеңнен бастап сайлауға белсене атсалысуда», дейді Эльмира Қойлыбаева.