• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Тараздық тұрғындар оң өзгерістерге сенеді

232 рет
көрсетілді

Тараз қаласындағы №25 орта мектепте орналасқан №72 сайлау учаскесіне де тұрғындар көптеп келуде. Жергілікті әрбір тұрғын еліміз үшін маңызды өзгерістерге дауыс беріп, өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпы, мұнда 2161 адам дауыс беруші ретінде тіркелген. Ал 9 адам мүмкіндігіне қарай үйінен дауыс береді деп жоспарланған. Бүгін таңғы сағат 07:00-де №72 сайлау учаскесіне келіп алғаш дауыс берген азамат Шәріпбай Әбілқасымов. Жетпіс бес жастағы қария еліміздегі оң өзгерістерге сенетінін жеткізді. Сондай-ақ, аталған білім ошағында ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Жәмилә Жанқоразова да өзгерісті қалайтынын, қазақ елінің болашағы үшін дауыс беруге келгенін айтты.

Сондай-ақ, Тараз қаласындағы №493 сайлау учаскесінде 1998 сайлаушы тіркелген. Референдум комиссиясының төрағасы Аида Қасенова қазіргі уақытта төрт жүзге тарта азаматтың дауыс бергенін мәлімдеді. Ал Тараз қаласындағы №6 бөбекжай балабақшасы партиялық емес байқау орталығының өкілі Дина Оразалиева сайлаудың өз деңгейінде өтіп жатқанын айтты. Бақылаушы өз сөзінде бірінші болып сайлау учаскесіне келген азаматтар мен 18 жасқа толып, алғаш рет таңдау жасап отырған азаматтарға да сыйлық берілгенін атап өтті.