• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 05 Маусым, 2022

Маңғыстау облысында ғасыр жасаған әже дауыс берді

970 рет
көрсетілді

Бейнеу ауданында ғасыр жасаған әже бүкілхалықтық референдумға қатысып, жастарға батасын берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

Қалиева Сырға Тілеубайқызы 1922 жылы 1 қаңтарда Бейнеуде дүниеге келген. Биыл әже 100 жасқа толды. Бейнеу халқына «ғасыр әже» деген атпен танымал кейуана өз учаскесіне барып, ел игілігі үшін дауысын берді.

«Жастардың бастамасы оң болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді мына жастар қиындық көрмегей. Соғыс пен ашаршылық болмағай. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» деп Сырға әже батасын берді.