• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2010

ОРТАЛЫҚ ӨЗІН АҚТАДЫ МА?

485 рет
көрсетілді

Сіз не дейсіз? Биылғы жыл денсаулық сақ­тау саласын реформалаудағы соны қадаммен басталды. Бірың­ғай ұлттық жүйені қолданысқа енгізу аясында республикалық деңгейдегі медициналық ақпа­рат­тық-талдау орталықтары құрылғаны белгілі. Қазір “Орта­лық­тың аяқ алысы қалай?”, “Жауапты міндетті жүзеге асыруда қандай әрекеттер жасап жатырсыздар?”, “Халықтың көзқарасы, сенімі қалыптасты ма?” деген сұрақтарға жауап із­дей­тін уақыт жетті деп білеміз. Ендеше, “Егемен Қазақстанның” Ақмола облысындағы тілшісі Бақберген Амалбек орталықтың облыстық филиалының директоры Марс Төлебаевқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Жауапты облыс тұрғын­дары­ның өзі айтқаны жөн. Әйт­кенмен, ұжымымыз салалық ақ­па­раттарды топтастырумен қа­тар, жерлестеріміздің ой-пікір­лерін де жинақтайтындықтан, ойға түйген мәселелерді ортаға салғанның артықтығы жоқ деп білемін. Ақмола облыстық фи­лиалының (АОФ) ауруханаға жатқызу бю­росы 11 қаңтарда құрылғанымен, жалпы штаттық кесте 1 сәуірден бастап кеңей­тілді. Сондықтан, қолында күту парақшасы бар науқастардың саны 200-ден асып кетті. Қазір 50-60 адамнан аспайды. Бұл – осындағы жиырма адамның жұмысқа жауапкерші­лікпен қарайтынының жемісі. Олай дейтінім, облыста 31 ау­рухана, 19 емхана, 159 дәрі­гер­лік амбулатория, 422 медицина­лық пункт бар. Аталған мекеме­лер­ден әртүрлі бағыттағы ақпа­рат­тар күн сайын жиналады. Жи­налып, талданып, сұрыпта­лып қана қоймай, ол жедел қол­данысқа енгізілуі керек. Бірінші тоқсанда ауруханаға жатқызу бюросына 5600 науқастан өтінім түссе, 4640 адам біздегі ұсыным деректері бойынша стационар­лар­ға жатқы­зылды. Мұндағы ауыл адамдары­ның үлесі, цифр­ларға шақсақ, сәйкесінше 2230 және 2163 бол­ды. Бұның үстіне, республикалық ғылыми орта­лық­тарға тілек білдірген 311 кісі­ге құжаттар толтырылды. Дәл қа­зір 798 адам күту қағазымен кезекте тұр. Бұл сандар бір қарағанда көп болып көрінгенімен, 750 мың тұрғыны бар облыс үшін тәуір көр­сеткіш санаймыз. Одан да азай­туға болушы еді. Неге десе­ңіз, көрші Петропавл қаласында үш аурухана бар. Көкшетаудың жалғыз қалалық ауруханасы бар. Оның үстіне нейрохирургия, кардиохирургия, қан тамырлары, жарақат, жүйке, гастроэнтеро­ло­гия және эндокринология бөлім­шелерінің төсек орындары тым аз. Ал, кейбір салалық бағыттар­дың мүлдем жоқтығы квота ке­зегін өсіріп жіберуде. Тағы бір мәселе, түсінік жұ­мыстарының әлі де әлсіздігінде. Нау­қастар орталықтың табалды­ры­­ғын тоздырып, квота немесе ар­найы код сұрап уақыт өткізеді. Дәрігерлер артық айтыс-тартыс­тан қашып, кейде бізге сілтеп жі­береді. Сондықтан, насихат­тық ор­талыққа да айналып кете­тініміз бар. Өзі ауырып жүрген адам жүй­­кесін тоздырмай-ақ, кез кел­ген компью­тер арқылы арнайы сай­тымызға, электронды адресі­мізге хабарласса, толық ақпаратқа ие болады. Оның үсті­не, емді мін­детті түрде аурухана төсегінде қа­былдау қажет деген талап дұрыс емес. Ауруханаға жос­парлы жат­қызу көрсетімде­ріне талдау жа­сағанымызда, нау­қастардың кем дегенде 25 пайы­зын күндізгі ста­цио­нарда немесе үй жағдайын­да емдеуге болатын­дығы анықтал­ды. Бұл қаржы үнемдеуді былай қой­ған­да, науқас пен дәрігер үшін де қолайлы. Әрине, біз ешкімге де “олай істеме, былай істе” деп айта алмаймыз. Ақмола облысы.