• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2022

Жамбыл облысы халқының 67,3 пайызы дауыс берді

196 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша құрылған 492 референдум өткізу учаскесі кестеге сәйкес жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірде дауыс беруге құқы бар азаматтарды дауыс беру күні, уақыты, орны туралы хабардар ету бойынша қажетті шаралар қабылданған. Референдум жұмысына жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысуда.

Бүгін сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, Жамбыл облысында дауыс берушілердің саны 463 мың 410 адамға жеткен. Бұл дауыс берушілердің 67,3 пайызын құрайды.

Сондай-ақ аймақтағы 18 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің айтуынша, бұл облыс аумағындағы әскери бөлімдердегі, ауруханалар мен емдеу орталықтарында орналасқан учаскелер болып табылады.