• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Референдум күні Атырауда 33 сәби дүниеге келді

338 рет
көрсетілді

Бүгін Республикалық референдум күні Атырау облыстық перзентханасында 33 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін өңірде 33 сәби дүние есігін ашты. Жаңа туылған шақалақтың  15-і  ұл, 18-і қыз. Сәбилер мен жаңа босанған аналар өздерін жақсы сезінеді.  Қазіргі таңда 2 ана босандыру залында», деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Еске сала кетейік, Атырау облысында 261 референдум учаскесі жұмыс жасауда. Олардың 11-і жабық түрдегі учаскелер.