• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 05 Маусым, 2022

Шет мемлекеттерде 5 мыңнан аса қазақстандық дауыс берді

165 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар үшін 52 мемлекетте референдумға қатысу мүмкіндігі жасалды. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Роман Василенко осылай мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өзге елде жүрген азаматтар үшін – 52 мемлекетте 65 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Барлық комиссия мүшелері алдын ала қашықтан дайындалды. Бас-аяғы 5 мың 100 адам дауыс берді», деді Роман Василенко.

Оның айтуынша, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдерде дауыс беру аяқталды. Вашингтон, Ұлыбритания, Оттава Бразилия елдерінде сайлау учаскелері ашылған.

Қазақстан тарапы 272 бақылаушыны, 10 халықаралық ұйымды, 13 шетелдік бақылаушы мекемені, сондай-ақ 41 шетелдік бақылаушыны тіркеуден өткізген. Референдумның өтуін 215 шетелдік БАҚ-та бақылапты.