• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Сайлаушыларға берілген сыйлықтар қандай қаражатқа алынды?

678 рет
көрсетілді

Алматыдағы кейбір референдум учаскелеріне алғашқы болып келген сайлаушыларға сыйлық берілді. Бұл туралы аумақтық комиссия төрағасы Жанна Асанова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спикер брифинг барысында референдум учаскесіндегі комиссия мүшелері сайлаушыларға сыйлықты қайдан алды деген сауалға жауап берді.

«Сыйлыққа республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Ереже бойынша референдум учаскелерінде кәдесыйлар, фирмалық шыныаяқ таратылды. Учаскелік комиссиялар мұндай заттармен қамтамасыз етілмеген. Мұны кәсіпкерлер демеуші ретінде, жеке ұйымдар өз өнімдерін жарнамалап ұсынуы мүмкін. Бұл оң үрдіс кеңес кезеңінен бері жалғасып келеді, әсіресе көптеген жастар үшін алғашқы сайлау мереке іспеттес. Алматының кейбір учаскелерінде сыйлық болғанын атап өткім келеді», деді Жанна Асанова.