• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 06 Маусым, 2022

Референдум: 320 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды

623 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни, жарамды деп танылған. Алайда дауыстары санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58 пайызды немесе 125 859 бюллетеньді құрады. Қалған бюллетеньдер дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін емес деп танылғандықтан олар жарамсыз деп танылды. Мұндай бюллетеньдер саны 2,58 пайыз, яғни, 206 096 бюллетень болды», деді Нұрлан Әбдіров.

Оның атап өтуінше, аймақтық комиссиялар дауыстарды санағаннан кейін 2 күн ішінде хаттамалардың түпнұсқаларын әрбір өңір бойынша жеткізуге тиіс. Республикалық референдумның қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленеді. Оны өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланады.