• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Маусым, 2022

Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топқа қатысты үкім шықты

279 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Бұрын сотталған Ақтөбе қаласының 57 жастағы тұрғыны 2021 жылдың қаңтарында 7 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құрды. Олар Қазақстанның оңтүстік өңірінен Ақтөбе облысының аумағына аса ірі мөлшерде марихуана және гашиш есірткі заттарын тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен ұзақ уақыт айналысқан. Жедел уәкілдер есірткінің кезекті партиясын сату әрекеті кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларын ұстады», деді Ақтөбе облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Асхат Асқаров.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен заңсыз айналымнан 25 келіден астам марихуана, сондай-ақ 5 келіден астам гашиш есірткі заты тәркіленді.

Қылмыстық топтың жеті қатысушысы сот үкімімен есірткіні аса ірі мөлшерде сатқаны үшін, ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылды.