Павлодар облысында референдум күні өңірде 25 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Олардың ішінде 17-сі қыз бала, сегізі – ұл. Арасында егіз қыздар бар. Егіз қыздардың салмағы – 3200 және 2800 келі», делінген басқарма таратқан хабарламада.
Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасында 7 бала, перинаталдық орталықта 11 бала (бір ұл және 10 қыз), Екібастұз қалалық ауруханасында алты бала, Ертіс аудандық ауруханасында қыз бала туған.
Сәбилердің арасында ең ірісі – 4,3 келі болса, ең кішкентайы – 2,5 келі.