• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 07 Маусым, 2022

Жаңа табиғи аумақтар құрылады

310 рет
көрсетілді

Биыл шілдеден бас­тап Батыс Қазақстанда «Бө­кей­орда» мемлекеттік та­биғи резерваты мен «Ащы­өзек» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылады. Бұл ту­ралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Ша­лабекова аталған өңірге жұ­мыс сапары кезінде айтты.

Жауапты ведомство өкілдері жергілікті халықпен кездесіп, киікке байланысты өзекті мә­селе көтерілді. Себебі Орал по­пуляциясындағы киіктердің саны 800 мыңнан асқан деседі. Халық осының салдарынан жайы­лымдық жерлерде төрт түлікке азық қалмайды деп алаңдаулы.

«Киіктердің көптігінен ша­руалар жапа шегіп жатыр. Жайы­лымға миллионға жуық киік келсе, ешқандай да шөп қалмайды. Бұлардың саны айтарлықтай көп. Қалай да азайту керек», деді Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылының тұрғыны Боранбай Айтқалиев.

Экология министрінің орын­басары киіктерді аулау үшін био­логиялық негіздеме ке­ректігін айтты. Сондай-ақ вице-министр шілдеден бастап өңірде ерекше қорғалатын таби­ғи аумақтар құрылатынын жет­кізді. Осы арқылы Орал попу­ляциясындағы 250 мыңдай киікті аталған аумақта ұстап тұру көзделеді.

«Бүгінде республикалық маңы­зы бар ерекше қорғалатын та­биғи аумақтар құру туралы қаулы шықты. Қаумалдың ау­да­ны 314 504,1 гектарды, резер­ват­тың ауданы 343 040,1 гектарға жетеді. Ол Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәні­бек, Казталов, Жаңақала аудан­дарының аумағында орналасатын болады. Мұнда киіктің 250 мың басына дейін сақталады», деді Ә.Шалабекова.

Қазақстан аумағында Бет­пақ­­дала, Орал және Үстірт сияқ­ты киіктердің әлемдік попу­ля­циясының 95%-дан астамы шоғырланған.