• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 07 Маусым, 2022

205 924 бюллетень жарамсыз деп танылды - ОРК

408 рет
көрсетілді

ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматы қаласының №2 учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері референдумның түпкілікті қорытындыларына енгізілмегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қорытындыларды шығару кезінде Орталық комиссия Алматы қаласы аумақтық комиссиясының өтінішін назарға алды. Аумақтық комиссия ұсынған материалдың негізінде «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 21, 31-баптарына сәйкес, Орталық комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктердің жекелеген учаскелерінде референдумның өткізілуін жарамсыз деп тани алады. Осыған байланысты Алматы қаласының №2 учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері референдумның түпкілікті қорытындыларына енгізілген жоқ», деп түсіндірді Нұрлан Әбдіров.

Комиссия төрағасының айтуынша, жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни, жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58%-ды немесе 125 859 бюллетеньді құраған.

«Белгіленбеген үлгідегі не дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады. Мұндай бюллетеньдер саны 2,58% немесе 205 924 бюллетеньді құрайды», деді ол.