ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова рубльдің нығаюына ықпал еткен факторларды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Рубльдің нығайғаны байқалып отыр. Ресей валютасы тек теңгеге қатысты ғана емес, сонымен қатар басқа да валюталарға қарағанда нығайды. Бұған екі негізгі фактар ықпал етті. Бірінші фактор - энергия ресурстарына бағаның өсуі. Ресейдің негізгі экспорттық тауарларына, яғни мұнай мен газдың құны өсті», деді Әлия Молдабекова.
Оның айтуынша, екінші негізгі себеп РФ Орталық банкі жүргізетін капитал бойынша шектеулерге байланысты болып отыр. Яғни, бұл қадамдар шетел валютасына сұранысты шектейді.