• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2022

Қазақстан аумағында киік аулауға рұқсат етілуі мүмкін

640 рет
көрсетілді

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, жануарлар жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың келесі түрлеріне рұқсат беріледі деген тарау «киіктердің дериваттарын жинау» тармақшасымен толықтырылады.

Сондай-ақ аң аулауға, кәсіпшілік аулауға, әуесқойлық аулауға, ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында жануарлар түрлерін пайдалануға, өсімін молайту мақсатында киіктердің дериваттарын жинауға рұқсат беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді:

Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында жануарларды алып қоюдың, киіктер дериваттарын жинаудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар; Екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство; Киіктердің дериваттарын жинау мақсатында орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомствосы көрсетеді.

Құжат 21 маусымға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.