• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Президент 07 Маусым, 2022

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының есебін тыңдады

187 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.

Ғалымжан Пірматов Президентке мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.