• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2022

«Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталады

1067 рет
көрсетілді

20 маусымнан бастап «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдана бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған бағдарламаға көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санатына жататын мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы банкінің салымшылары қатыса алады», деп хабарлайды банк баспасөз қызметі.

Айта кетсек, өтінім otbasybank.kz сайты арқылы қабылданады. 

Бұған дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау кейінге шегерілген еді.

«Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, аталған тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға бюджет есебінен 51 млрд теңге бөлінген. Бағдарлама аясында 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады деп күтілуде.