Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші турдың үшінші ойын күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл күнгі басты ойын А лигасы үшінші тобындағы Германия және Англия құрамалары арасында болды.
Ойын барысында германиялық Йонас Кофман 50-минутта есеп ашты. Оған 88-минутта англиялық Гарри Кейн пенальтиден бір голмен жауап қайырды. Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Германия екінші мәрте тең түссе, Англия алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Турнир кестесінде құрамалар үшінші және төртінші орынды місе тұтып тұр. Аталған топтағы тағы бір кездесуде Италия Венгрияны 2:1 есебімен сүріндірді.
Үшінші ойын күніндегі өзге нәтижелер төмендегіше:
В лигасы 3 топ
Финляндия - Черногория 2:0
Босния және Герцоговина - Румыния 1:0
С лигасы 1 топ
Фарер аралдары - Люксембург 0:1
Литва - Түркия 0:6
9 маусымда үшінші тур ойындары басталады.
Еске сала кетейік, аталған турнирде Қазақстан Словакияны жеңді.