• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2022

Қазақстан реформаларды қолдайды

253 рет
көрсетілді

Қазақстан­дық сай­лаушы­лар ел­дің бұрын­ғы көш­­­ба­с­­шысы Нұрсұлтан Назарбаев иелен­ген өкі­л­еттіктер мен артықшылықтар­дан айы­ратын реформаларды қолдады.

Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың ел­дегі отыз жылдық билігін тоқтатты делі­нетін конституциялық түзетулерді ма­құл­дады. Орталық референдум ко­миссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлаушылардың 77,17 па­йызы реформаны қолдаса, 18,66 па­йызы қарсы дауыс бергенін айтты. Әбдіровтің айтуынша, жексенбі күні өткен референдумға сайлаушылардың 68 пайыздан астамы қатысқан, яғни сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берген. Ережелер плебисциттің жарамды деп танылуы үшін оған тіркелген сайлаушылардың кем дегенде жартысы қатысуы керек деп белгіледі. «Референдум өтті деп санау­ға болады», деді Әбдіров.

Референдумда ұсынылған өзгерістер заң шығарушыларға өкілеттік беріп, қазіргі «суперпрезиденттік» жүйені жояды. Реформа Н.Назарбаевты бір­қатар артықшылықтан да айырады. Ел Президенті Қ.Тоқаев референдум «Екінші Республиканың негізін қалауға» бағытталғанын айтқан болатын.

Н.Назарбаевтың «Елбасы» немесе «Ұлт әкесі» атағынан айыры­лып қалу қаупі бар. Бұрынғы кеңестік мем­лекетті отыз жылға жуық бас­қарған 81 жастағы қария 2019 жылы биліктен кеткеннен кейін де елдің сая­си ықпалын нығайтуға көмектесіп, бұл титулды сақтап қалды. Мұнайға бай елдегі тағы бір даулы мәселе – реформалар президент туыстарының мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне де тыйым салады. Олар сондай-ақ ел парламентінің рөлін айтарлықтай күшейтеді, Конституциялық сотты қалпына келтіреді, өлім жазасын алып тастайды.