Қазақстан бойынша 9-11 маусым аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктер мәліметінше, еліміздің солтүстік аймағында күн жылынады.
«Солтүстік-батыс циклонымен республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 11 маусымға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температураның 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.