• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Маусым, 2022

Түркістан облысында да қаржы пирамидасы анықталды

328 рет
көрсетілді

Түркістан облысында «Не работа» атты қаржы пирамидасының заңсыз әрекеттері әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз еткен.

Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.