• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2022

Есімін өзгертіп, 15 жыл Ресейде жасырынған қылмыскер ұсталды

210 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында 25 жасында адам өлтірген қылмыскер Ресей Федерациясында ұсталды. 40 жасқа келген ер адамды Қазақстанға қайтару шаралары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2007 жылы Павлодар қаласында Исиналиев көшесіндегі түнгі клубта оқ атылған. Оқиға орнында бір ер адам қайтыс болды. Ал қылмыскер қашып кеткен. Полицейлер оны біраз уақыт таба алмады. Бірақ іздестіру жұмыстарын тоқтатқан жоқ.

Сөйтсе, 25 жастағы жігіт көрші Ресейге қашып, аты-жөнін өзгерткен.   «Ол Ресей Федерациясында өзінің жеке деректері - тегі, аты және әкесінің атын толығымен өзгерткен. Соған қарамастан, қолға түсті», дейді полицейлер.   Павлодардың тәртіп сақшылары Барнаул қаласындағы әріптестерімен бірлесе, адам өлтіргені үшін іздеуде болған қылмыскерді ұстады.

Қазіргі кезде оны Барнаул қаласының уақытша ұстау изоляторына қамап қойды. Қазақстанға экстрадициялау шаралары басталды.