• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2022

Ақтауда Иран азаматшасынан 39 келі есірткі табылды

222 рет
көрсетілді

Ақтауда Иран азаматшасынан 39 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірін тінтіді. Оның барысында жалпы салмағы 39 килограмды құрайтын «апиын» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті ретінде Иран Республикасының тумасы анықталып, ұсталды. Ақтау қаласының тергеу соты күдіктінің қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.

Аталған факт ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.