• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 09 Маусым, 2022

Орынбасары пара алған Екібастұз әкімі орнынан кете ме?

630 рет
көрсетілді

6 маусым күні Екібастұз қалалық соты Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов пен оның қарамағындағы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықовқа, сол бөлімнің бас маманы К.Түсіпбековке қатысты үкім шығарған еді, деп жазады Egemen.kz.

Сот Бауыржан Ахметовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Түсіпбеков пен Садықов 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Елімізде бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң, күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті. Басшылардың  мұндай жағдайға байланысты қызметтен кетуі де бұған дейін де бірнеше рет орын алған жағдай. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл мәселеге қатысты А.Қаңтарбаевтың тікелей басшы ретіндегі жауапкершілігі туралы мәселе «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатынын айтып отыр. 

Ал, Екібастұз қаласының әкімі болып 2020 жылдың 25 қыркүйегінде тағайындалған Ардақ Қаңтарбаев өз еркімен орнын босатуға асықпайтын секілді.