Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Қ.С.Уәлиев «А» корпусының кадр резервінде тұрған. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлгінің жауапты хатшысы болған Құрманғалиева Жанна Дулатқызы қызметінен босатылды.