• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2010

ҒАРЫШ САЛАСЫНА ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАС

847 рет
көрсетілді

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде “Дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде ғарыштық кадрларды дайындау” атты  дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Қазғарыш қызметкерлері мен оның қарамағындағы мекемелер, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты. “Қазғарыш” агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабековтың айтуынша, санды және сапалы кадрлық әлеуетсіз ғарыш сияқты жоғары ғылыми саланы дамыту және ғарыш дамуының стратегиялық бағдарын жүзеге асыру мүмкін емес. Ғарыштық технологиялар ғылыми-инновациялық дамытудың басым бағыттары және ғылымды қажет ететін өндірістерге жатады. Семинар барысында Алматыда өткен “Кәсіптік стандарттар негізінде ғарыштық техника және технология мамандығы бойынша мамандарды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі қиындықтар” атты семинардың түйінді мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.