• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2022

Олимпиадада топ жарды

289 рет
көрсетілді

Жаңаөзендік жас, болашақ дәрігер Асқар Ескендір Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өткен «Шексіз медицина» және «Қалыпты топографиялық анатомия» атты халықаралық олимпиадада топ жарды. Олимпиадалық сайыс биыл 19-21 мамыр аралығында клиникалық анатомия және оперативті хирургия ғы­лым­дары бойынша өтіп, халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің жастары қатысқан.

Жаңаөзендік Асқар Ескендір – Марат Оспанов атын­дағы Батыс Қазақстан меди­цина уни­верситетінің жалпы меди­­­ци­на факультетінің 3-курс студенті.  Халықаралық ғылым бәйгелерінде Қазақс­танның атын қорғап жүрген жаңа­өзендік жас бұған де­йін Б.Н.Ельцин атындағы Қыр­ғыз-Ресей-Славян универ­си­те­­тінде өткен «Шексіз ме­­ди­­­цина» Халықаралық олим­пиадасынан «Үздік видеовизитка және команда презентациясы» конкурсы бойынша I орын, И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз ұлттық медицина академиясында өткен «Қалыпты және топографиялық анатомия» Халықаралық олимпиадасынан «Үздік видеовизитка және команда презентациясы» конкурсы бойынша I орынды қанжығасына бай­ла­ған болатын.

Асқар сынды талантты жас­тардың жетістігі  ел ер­теңі үшін қуануға мүмкіндік бе­реді.               

 

Маңғыстау облысы