«Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы Мұхамед Салах ағылшын кәсіби футболшылар қауымдастығы (PFA) ұсынған «Жыл футболшысы» сыйлығын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетсек, Салах Премьер-Лигада 23 гол соққан. Ал оның клубы - «Ливерпуль» чемпионатта екінші орын алды.
Еске салсақ, бұған дейін «Барселона» футбол клубының басшылары «Ливерпуль» футболшысы Мұхамед Салахқа «құда түсуі» мүмкін екені жайлы хабарлағанбыз.