• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Маусым, 2022

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

899 рет
көрсетілді

2022 жылдың шілдесінде қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Елорда күні – 6 шілде сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл ретте демалыс күндерін кейінге қалдыру қарастырылмаған.

Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер де, алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар да бір күн – 6 шілде демалады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Бұл күн демалыс және сенбі күніне сәйкес келетіндіктен, демалыс қарастырылмаған.

Шілдедегі демалас күндері:

бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар;

алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.