Таиландта марихуананы пайдаланумен сотталған 3 мыңнан аса адам түрмеден босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Рақымшылыққа биліктің марихуананы есірткі заттары қатарынан алып тастауы себеп болды. Жаңа заңға сай енді бұл елде марихуананы өсіріп, тағамдар мен сусындар да пайдалануға рұқсат етілетін болды. Бірақ оны темекі түрінде шегуге әлі де тыйым салынған. Еске сала кетейік, Таиландта 2018 жылы марихуананы медициналық мақсатта қолдануға рұқсат берілген.