Алматының 20 жастағы тұрғынынан алты бума есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомоствоның мәліметінше, күдікті Алматы қаласы Әуезов ауданы аумағында ұсталған. Полицейлер оны тінту кезінде лентаға оралған алты бума есірткі тәркілеген.
Күдікті есірткіні тауып алып, өзіне қалдырғанын айтқан.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі - аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау қылмысы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр», деді Әуезов аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.