• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 13 Маусым, 2022

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

328 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК маусымның 13-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалында болады, соған байланысты күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жауын жауады. Сонымен бірге бұршақ жауып, дауыл тұрады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпін 25 метрге жетеді.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде облыстың таулы аймақтарында, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, күндіз таулы аудандарда екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының батысында, шығысында, найзағай, бұршақ дауыл күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтөбе облысының түнде шығысында, орталығында, күндіз оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде облыстың орталығында тұман түседі. Күндіз Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар