Ұлттық экономика министрлігінде жаңа үш облыстың тұрғындары қайта тіркеуден өтуі керек пе, жоқ па деген сауалға жауап берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ», деді министр.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков министр сөзін толықтырды.
«Құжаттарды көшіру, жоғалту немесе жаңарту кезінде жаңа мекенжай көрсетіледі. Қолданыстағы құжаттар жарамды, қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ», деп атап өтті ол.