• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Маусым, 2022

Сыртқы істер министрлігі консультативтік-кеңесші органдардың санын қысқартты

577 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың саны қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын орындау мақсатында Сыртқы істер министрлігінің басшылығы консультативтік-кеңесші органдардың санын 11-ден 6-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл шаралар министрлік қызметінің тиімділігі мен жеделдігін арттыруға бағытталған», деп жазылған ақпарат көзінде.

Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың тізілімі:

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия – төрағасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Б.Қоныспаев. СІМ жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес – төрағасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А.Айдаров. СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес – «Қоғамдық кеңестер туралы» заңнамада көзделген тәртіппен сайлау рәсімі жүргізіледі. СІМ Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы – «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар мәліметтер. Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия – төрағасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары А.А.Рахметуллин. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссиясы – төрағасы Сыртқы істер министрі М.Б.Тілеуберді.