• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2010

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ӘСКЕРИ КӨРМЕ

476 рет
көрсетілді

Астана қаласында 26-29 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс ми­нистрлігінің ұйымдасты­руы­мен “KADEX-2010” (“Kazakh­stan Defense Exposіtіon”) бірінші халықаралық қару-жарақ және әскери техникалық мүлік көр­ме­сі өткізіледі. Ол: “Қару-жа­рақ”, “Тыл мүлкі, медици­на”, “Құрылыс және инфрақұ­ры­лым”, “ІT технология” сияқты 4 бағытта ұйымдас­тырылады. 28-29 мамыр күндері көр­ме­ге келем деушілерге есік ашық. Осы күндері сағат 12.00-13.00 ара­лығында көр­меге қаты­су­шы­лар мен оны тамашалаушы қо­нақ­тар үшін Әуе қорғанысы күш­терінің ұшу топтары, құр­метті қарауыл ротасы өнер көрсететін бола­ды. Қазақ­стан­дық бронды техникалардың жо­ғары тех­ни­калық мүмкіндіктері де көпшілік назарына ұсы­ны­лады.