• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Маусым, 2022

Елордада қатты желден кран құлады

281 рет
көрсетілді

Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты», делінген комитет таратқан хабарламада.

Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.

Еске салайық, биыл ақпан айында осыған ұқсас жағдай Тұран даңғылы бойында болды. Кранның құлауынан жұмысшы көз жұмды.