• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Маусым, 2022

Огайо штатының мұғалімдеріне қару ұстауға рұқсат етілді

557 рет
көрсетілді

Огайо губернаторы, республикалық партияның мүшесі Майк Девайн мұғалімдерге қару алып жүруге мүмкіндік беретін заң жобасына қол қойды. Ол үшін олар 24 сағаттық оқудан өтуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Sky News ақпаратына сәйкес, құқық қорғау топтары, қару-жарақты бақылаушылар мен мемлекеттік мұғалімдер кәсіподағы бұл шешімге қарсы болған. Бастаманы бірнеше полиция бөлімшелері мен мектеп басшылары ғана қолдады.

24 сағаттық оқытудан өткеннен кейін мұғалімдерге жыл сайын 8 сағаттық курстан өту қажет болады.

Штат губернаторы Майк Девайнның айтуынша, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқа да шаралар қабылданды. Мәселен, Огайо штатында мектептердегі қауіпсіздік шараларын жақсарту үшін 100 миллион доллар және колледждер үшін 5 миллион доллар бөлінді.

Сонымен қатар штат билігі жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулық мәселелерін шешу үшін қосымша 1,2 миллиард доллар бөлген.

Губернатор жаңа заң мектептерге нақты жағдайларға байланысты ең жақсы шешім таңдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дегенмен, мұғалімдердің қару алып жүруі міндетті емес, бұл шара ерікті екендігі атап өтілді.

Қабылданған заңға жауап ретінде демократиялық партияның әр түрлі қалаларының бір топ мэрлері республикалық саясаткерлердің қаруды бақылаудың басқа нұсқаларын қарастыра алмайтынын сынға алды.