• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2022

Атыраулық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды

264 рет
көрсетілді

Атырау қаласында бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 6 адам, оның ішінде 4 баланы эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт туралы ақпарат 15 маусымда сағат 14:14-те байланыс пунктіне келіп түсті.

Бес қабатты үйдің терезелерінен түтін шыққаннын көрген куәгерлер өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Құтқарушылар Владимирская көшесі, 99 мекен-жайына шықты.

Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер түтін басқан баспалдақ ойығы бойынша 6 адамды шығарды.

Анықталғандай, өрт тұрғын үй бөлмелерінің бірінде шыққан. Өрт сағат 14:33-те ауыздықталып, сағат 14:45-те толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.